- Ең бастысы, өзіңе шыныменде не ұнайтынын ұғыну.
- Шет тілдерін үйрен. Бұл сенің көзқарасыңды кеңейтіп, болашаққа жолыңды ашады.
- Аптасына кем дегенде бір кітап болса да оқуды әдетке айналдыр. Ал оқуға уақытың болмаса, аудиокітаптарды тыңда. Кітаптың сыртқы әдемілігіне емес, ішіндегі мазмұнына, сапалылығына мән бергенің жөн.
- Әрбір демалысыңда өзің немесе достарыңмен бірге кино көруге, қойылым тамашалауға немесе мұражайларға барып, уақытыңды пайдалы әрі қызықты өткізуге тырыс.
- Арманыңды орындағың келсе, алдыңа мақсат қой. Мақсатың айқын және нақты болуы керек.
- Жан-жағыңды ақылды, көзі ашық, жақсы адамдармен қоршауға тырыс. Өйткені сенің жетістікке жетіп, биік белестерді бағындыруың, ортаңа да байланысты. Сондықтан айналаңа өзіңді қолдап, мотивация беретін адамдарды жинап, солармен көбірек араласуға ұмтыл.
- Өткенді ұмыт. Оның сенің ендігі болашағыңа ешқандайда қатысы жоқ. Өткеніңнен тек тәжіриебе мен біліміңді алып шық та, оның есігін жабық деп қабылда.

App Store
Google Play