Joo қосымшасын жүктеп ал

Өз-өзіңе сенімді бол!

Өз-өзіңе сенімді бол!

Ешқашан өзіңе орындай алмайтын уәделер беріп, тым қинап жіберме. Себебі ойыңдағы іске аспай қалса, бостан-босқа өзіңді кінәлап, сенімділігіңді жоғалтып алуың мүмкін.

Бірнәрсе түсінбесең, өзгелерден сұрап алудан қысылма. Көбіне өз-өзіне сенімсіз адамдар қандай да бір мәселені өздігінен шеше алмай жатса, білетін адамдардан сұрауға ұялады. Ал соңында қателік жасап, сенімсіздігі үшін сәтсіздікке ұшырайды.

Өзіне сенімді адам - өз ойларын басқара білетін адам. Сондықтан негативті ойларға көп мән беріп, өміріңе кері әсерін тигізуіне жол берме. Одан да негативті ойлардың біреуін де қалдырмай қағазға жазып, содан соң жыртып-жыртып, лақтырып таста. Бұл әдіс миыңды артық ойлардан арылтып, оның дұрыс тынығуына мүмкіндік береді.

Кез келген жағдайда эмоцияға емес, өмірлік құндылыққа сүйеніп шешім қабылда. Эмоция - тұрақсыз, көңіл-күй секілді құбылмалы нәрсе. Ал құндылық - тұрақты және мақсатқа жетудегі бірден-бір көмекші бағыт.

Joo қосымшасын жүктеп ал

Мамандықтар, университеттер, гранттар, ҰБТ-ға дайындық — бәрі бір қосымшада.

Жүктеу үшін телефон камерасын бағыттаңыз