- "Менің қолымнан келеді" - деп санайтын адамның қолынан шынымен де бәрі келеді. Ал "Менің қолымнан келмейді" - деп ойлайтын адамның қолынан ештеңе келмейді. Бұл - сондай қызық ереже.
Егер сенде өз-өзіңе деген сенімсіздік пен күмән болса, онда сәтсіздікке ұшырайсың. Ал егер жетістікке жететініңе күмәнің болмаса, онда санаң сенің қалағаныңды орындау үшін әртүрлі жолдарды қарастырады.
- Өзіңді дамыту үшін қолыңнан келмейтін істі жасап, соны үйренуге бар күшіңді салуың керек.
Бастапқыда бойыңда қорқыныш болуы мүмкін, бірақ уақыт өте келе ол қорқыныштан айырылып, өз-өзіңе бұрынғыдан да, сенімдірек бола түсесің. Сол үшін де, жаңа қызығушылық тауып, өзіңді дамытудан қорықпа.
- Шабыт жұмыс барысында ғана келетін нәрсе.
Шабыттың қашан келетінін күтіп, ештеңе істемей отыру - дұрыс емес. Себебі шабыт - тағамға қосылатын дәмдеуіш секілді өте аз мөлшерде ғана керек. Сол себепті де, "Шабытым ашылмай жатыр" - деп, уақытты босқа жіберуге болмайды. Оның орнына, шабытты күтпей-ақ істі бастап кеткен әлдеқайда дұрыс шешім болады. Өйткені көп жағдайда адамның шабыты жұмыс барысында ғана ашылады.

App Store
Google Play