- Рухы мықты әрі өзіне сенімді адамдардың көңіліне тиіп, ренжіту қиын нәрсе. Олар өздері туралы айтылған негативті ескертпелер мен сындарды елемейді және оларды ойлап уақытын да зая кетірмейді.
- Сабырлылық, салқынқандылық және өз эмоцияларын бақылай білу - мықты тұлғаларға ғана тән қасиеттер. Олар кез келген мәселені шешу барысында эмоцияның жетегіне емес, ақылдың жетегіне ере отырып шешім қабылдауға тырысады.
- Мықты адам өзін-өзі сыйлап, өзінің мінсіз емес екенін түсінеді. Ол үнемі ізденіс үстінде жүріп, өз-өзін дамытудан жалықпайды және ешқашан да "мен барлығын білемін" деп айтпайды
- Мықты адам өзінің әлсіз және мықты жақтарын анықтап алғаннан кейін әлсіз жақтарын сол қалпында қабылдап, бірінші орынға туа біткен таланттары мен ерекшеліктерін қойып, соларды дамытуға әрекет жасайды.
- Рухы мықты адам қандай жағдай болмасын өз сөзіне, денсаулығына және іс-әрекетіне жауап беріп, мойнына жауапкершілік алудан қорықпайды.

App Store
Google Play