Joo қосымшасын жүктеп ал

Сабаққа зауқым жоқ болса не істеуге болады?

Сабаққа зауқым жоқ болса не істеуге болады?

Бұл сұрақ әрбір мектеп оқушысын кем дегенде бір рет мазалаған шығар. Ал енді, оның шешімін тауып көрейік.

  1. Ең бастысы, сабақты жақсы оқу арқылы сен қандай жетістіктерге қол жеткізе аласың? Қандай мақсатыңа жақындай түсесің? Осы сұрақтарға жауап бер.
  1. Өзіңнің ыңғайыңа қарай нақты график құрастыр. Белгісіздік адамды артқа тартады. Қай уақытта немен айналысатыныңды алдын-ала біліп жүрсең, өзіңе жақсы.
  1. Сабаққа құлшынысты арттырудың тағы бір жолы — комфорт. Өзіңе ұнайтын, әдемі дәптер мен қалам ал, сабақ жазатын жеріңді өзіңе ыңғайлы етіп орналастыр.
  1. Сыныптастарыңмен жақсы баға алудан жарысып көр. Дегенмен, арақатынасты бұзбай, бұл жарысты тек мотивация алудың бір жолы деп сана. Достық жайлы ұмытпа!
  1. Үлкен тұлғаларға қарап, шабыттан. Тарихта аты қалған азаматтар өз қатарының озаты болған. Бір емес, бірнеше саланы қатар алып жүрген. Сенің олардан қай жерің кем?

Joo қосымшасын жүктеп ал

Мамандықтар, университеттер, гранттар, ҰБТ-ға дайындық — бәрі бір қосымшада.

Жүктеу үшін телефон камерасын бағыттаңыз