- Қайсысы жаман: сәтсіздікке ұшырау ма, әлде өз бағыңды сынап, бір байқап көрмеу ме?
- Сен өз өміріңде болып жатқан жағдайларды қаншалықты бақылап отырасың?
- Егер саған басқа елге көшуге мүмкіндік берсе, сен қай елге көшетін едің және не себепті?
- Егер біз қателіктерімізден сабақ алып, тәжіриебе жинайтын болсақ, онда не себепті біз қателік жіберуден қорқамыз?
- Балалық шағыңдағы ең бақытты естелігің қандай және не себепті?
- Сенің ең үлкен қорқынышың қандай?
- Егер сен өз-өзіңе дос бола алсаң, өзің сияқты досыңның болғанын қалар ма едің?
- Егер саған әлемде бір ғана нәрсені өзгертуге рұқсат берсе, ол қандай нәрсе болар еді?
- Осыдан 5 жыл бұрын сенің қандай да бір қиындыққа тап болғаның есіңде ме? Ол жағдайдың қазір сен үшін маңызы бар ма?
- Өз өміріңдегі жағдайлар мен мәселердің шешімін өзің қабылдайсың ба, әлде сенің орныңа басқа біреу қабылдайды ма?

App Store
Google Play