- Күніне екі рет: таңертең және кешке күнделік жүргізуді әдетке айналдыр. Бұл саған күнделікті мотивация алып, өз ойларыңды сорттап отыруға мүмкіндік береді.
- Жеке күнделігіңді әрдайым өзіңмен бірге алып жүруге тырыс. Бос уақытың болып, ойыңа бірдеңе келіп жатса, күнделігің қасыңнан оп-оңай табыла қоятын болады.
- Ішіңдегі барлық негативті ойлар мен қобалжу, ашу-ыза секілді сезімдердің барлығын сыртқа шығарып, күнделігіңе жаз. Себебі күнделік адамның ішкі жан дүниесімен тығыз байланыста болып, психикалық жағдайды ретке келтіруші құрал болып табылады.
- Сен бірдеңе деп сөйлей бастасаң, жан-жағыңдағы адамдар, жақындарың бірден сені сынап, әрбір айтқан сөзіңді тыңдап отырады. Ал күнделік жазғанда ешкімнің де "сен былай жаздың, бұл дұрыс емес" - деп сынауға құқығы жоқ. Сондықтан күнделігіңе өз ойларыңды анықтап, ашып жазудан еш қорықпа.

App Store
Google Play