- Ұйқыға жатар алдында санаңа: "Мені таңертең осындай(...) уақытта оят"- деп айтып қой. Сонда таңертең сен үлкен ықтималдылықпен ұйқың қанғандай сезімде әрі оятқыштан сәл ертерек оянатын боласың.
- Таңертең беті-қолыңды жуып болғаннан кейін айнаға қарап, күлімде де, өзіңе: "Мен өз-өзімді жақсы көремін"- деп айт. Өзін-өзі жақсы көрудің маңызын көбі түсіне бермейді, алайда бұл әрбір адамның тұлға болып қалыптасуы мен өмірін өзгертуде үлкен рөлді атқарады.
- Күн сайын серуендеуді әдетке айналдыр. Өйткені серуендеу кезінде миға қызықты идеялардың келуі мен шабытыңның ашылу мүмкіндігі өте жоғары болып табылады.
- Күніңді продуктивті өткізгің келсе, күннің бірінші жартысын ең маңызды істерді атқарудан баста. Ал жеңіл және оңай жұмыстарды күннің екінші жартысында орындасаң да болады.
- Егер көңіл-күйің түсіп, өзіңді жабырқаңқы сезінсең, өзің риза 3 нәрсе туралы ойла. Мысалы "мен өзімнің мынадай қасиетімнің бар екеніне ризамын" немесе "мен ата-анамның маған түсіністікпен қарайтынына ризамын" деген сияқты өзің риза болатын нәрселер жайлы ойлауға тырыс. Бұл сенің көңіл-күйіңді лезде көтеріп, мұңаюдан арылуға көмектеседі.

App Store
Google Play