Грантқа түсу-түспеуің тек жинаған балыңа ғана қатысты емес. Аса маңызды қадам - грант конкурсы кезінде 4 таңдауды дұрыс жасау. Ендеше, 4 таңдау туралы ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап бердік:
💬Менің бейіндік пәнім бойынша тек екі/үш мамандық бар. Сонда мен 4 таңдауды қалай жасаймын, мамандық саны жетпейді ғой?
Мысалы, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша тек үш мамандық бар: “Филология”, “Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау”, “Кітапхана ісі”. Грант конкурсы кезінде тек осы үш мамандықты таңдай аласың. Екі мамандық болса екі таңдау, үш мамандық болса үш таңдауың болады.
💬Мамандықтарға грант қалай беріледі?
Грант мамандыққа жоғарыдан төменге қарай беріледі. Яғни, бірінші мамандыққа түспесең, келесіне үміткер боласың, оған түспесең келесіне. Сол үшін реттілік өте маңызды.
💬4 таңдауды қалай дұрыс жасау керек?
4 таңдауды жасағанда реттілік өте маңызды. Ең біріншісіне балың жетпей тұрса да арманыңдағы мамандық пен университетті жаз. Себебі сенде әлі 3 мүмкіндік бар. Оның үстіне, грант конкурсында ең біріншісіне грант ұтып алсаң, қалған үшеуі автоматты түрде жойылады.
Екіншісіне өзің қалайтынды және өзіңе ұнайтынды таңда.
Үшіншісі мен төртіншісіне нақты балың жетіп тұрған, “түсемін” деген мамандықты таңдауың қажет. Бұл жерде тәуекелге барудың қажеті жоқ.
Ал сенің бірінші таңдауың қандай болмақ?👇🏻👀




App Store
Google Play