Тайм-менеджмент жайлы жазылған кітаптардан ең жақсы әдістерді ұсынатын боламыз.
- Тәуліктік биоритмдердің ерекшеліктеріктеріне байланысты әр адамның өнімділігі ең жоғары және ең төмен болатын кездері бар. Мысалы, бір адам өзін таңғы 11:00-де ең жоғары белсенділік танытады. Ендігі кезекте сен де сол уақытты анықтап, маңызды шаруаларыңды сол уақыттың ішінде орындауға тырысу.
- Марк Твен: «Егер сенің жұмысың – бақаны жеу болса, онда бақаны таңертең тұрған соң, бірден жеп қойған дұрыс. Ал егер жұмысың – екі бақаны жеу болса, онда бірінші ең үлкен бақаны жеуден бастаған жөн» деген екен. Ең қиын және маңызды істерді кейінге қалдырмай, таңертең жасап тастау қажет. Себебі таңғы уақыт – жұмыс істеуге ең қолайлы уақыт әрі адамның құлшынысы мен шабыты да осы уақытта ашылады.
- Біздің бір күн ішінде қабылдайтын шешімдеріміздің 90%-ы өмірімізге әсер ететіндей маңызды емес. Күн сайын қайталанатын істерді қас-қағым сәтте орындап таста. Сондай-ақ смартфоныңа және компьютеріңе уақытыңның қайда кетіп жатқанын біліп отыру үшін арнайы қосымшаны орнатып ал.
Ең бастысы, мынаны түсін: уақыт ақша секілді бағалы ресурс және ол қайтып келмейді. Оны босқа жіберіп алмай, ақылмен пайдаланып үйрену қажет.

App Store
Google Play