Қазіргі кезде тиктокта 7-8 сағаттан отыратындар бар. Қолына телефон ұстаса, автоматты түрде сонда кіріп кетеді. Тиктоктың ең зиян жері - трендтегі видеолар бірден қосылып кетеді. Олар әр түрлі жанрдағы видеолар. Еш пайдасы жоқ, тек күлкілі. Бір видео бітсе, екіншісі басталады. Соларға қарап отырып, 2-3 сағаттың қалай өтіп кеткенін білмей қаласың. Ендеше тиктокқа тәуелді болмаудың жолын қарастырайық.
- Тиктокқа тәуелділікті бір күнде жоя алмайсың. Оған біраз уақыт керек. Мүлдем қолданбай қоюға да болмайды. Бастысы, ниеттену керек.
- Тиктокқа кететін уақытты смартфоннан көре аласың. Соны күн сайын аз-аздан азайту керек. Бүгін 2 сағат кетсе, ертеңге 1 сағат 45 минутқа таймер қою қажет.
- Күнді тиктоксыз бастап, түнді тиктоксыз аяқтап үйрену керек.
- Пайдалы контентке жазыл. Бос күлкіге ере бермей, уақытты пайдалы білім алуға жұмсап үйрен.
- Өзіңді жетілдіретін курстарға, тренингке қатыс.
- Тиктокты басты экранға емес, папкалардың ішіне тығып таста. Сонда бірден кіре бермейсің.
Әрине, өзің уақыттың бос өткенін жұлыныңмен сезініп, өз еркіңмен бас тартсаң, жеңіс сонда болады.

App Store
Google Play