Біздің өмірлік міндеттеріміз бен мақсаттарымыз бір-бірімен араласып, ретсіз жалғаса береді. Ал егер адам жоспарлап бастаса, соның бәрі ретке келетін еді. Жоспарлаудың маңызы да сол — өміріңді өз қолыңа алу. Жоспар құрудың негізгі қағидалары:
- Жоспарда міндетті түрде оқу мен спорт болуы керек. Миыңның және денеңнің белсенділігін тоқтатпау маңызды. Күніне ең болмағанда 10 минут физикалық жаттығуларға және 30 минут кітап оқуға арна.
- Жоспарға жаңа істер енгізгенде өзіңе бір сұрақ қой: бұл маған шынымен ұнай ма? Басқалардың ойын емес, өз ойыңды таңдай біл. Өзіңе ұнамайтын іспен айналыссаң, бұл саған ешқандай ләззат әкелмей, қажытып жібереді.
- Өзіңе тым көп жауапкершілік жүктеме. Бір істі соңына дейін жеткіземін деп уәде берер алдында ойлан: бұл шынымен сенің қолыңан келе ме? Сондай-ақ демалысқа уақыт қалдыр, үзілістерді есепке ал. Сені шаршатпайтын жоспар құра.
- Ұйқы графигінің маңызды екені бәрімізге анық. Ұйқының денсаулыққа біршама әсері бар, бірақ одан бөлек, ұйқы қанбаса жасалған жұмыс та сапасыз болады. Көңіл-күй түсіп, ешнәрсеге зауқың болмай кетеді.
- Жоспарды жүзеге асырғанда еріншектікке салынып, оңайынан бастама. Керісінше, қиынынан бастасаң, уақыт өте жұмысың жеңілдей беретін болады. Бұл өзіңе қосымша мотивация берудің таптырмас жолы.

App Store
Google Play