Басқа планетада өмір бар ма деген секілді ойлап қалған шығарсыңдар. Бірақ шыны сол, ҰБТ-ға дайындалушылар басқа өмір бар екенін ұмытып кетеді. Жатса да, тұрса да ойлайтыны ҰБТ. Ол ойдың көбі «анау есепті қалай шығарам» емес, «ҰБТ-дан өте алмай қалсам ше?» деген уайым. Уайымды сейілту үшін басқа іспен айналысып тұру керек, ол өмір деп аталады).
- Мысалы, қоғамдық қорға ерікті ретінде тіркеліп, мұқтаж жандарға азық-түлік тарату жобасына қатысып көр. Тағдыр тәлкегіне түскен адамдарды көріп, өзің бақыттың базарында жүргеніңді ұғасың.
- Кітап талқылау клубына жазылып, аптасына бір рет оқыған кітабың жайлы айтып берсең болады.
- Спорт секциясына жазылып, аптасына 2-3 рет футбол, волейбол, стол теннисіне барып тұрсаң болады.
- Атқа мініп серуендесең болады. Ондай қызметті ұсынатын жекелеген фермалар көп.
- Өзіңе ұнайтын өлең кітаптарынан шумақтар жаттасаң болады. Бұл жадыны күшейтеді.
- Мектепте өтетін шаралардағы көрініске қатысып, актерлік шеберлігіңді шыңдасаң болады.
- Мобилография, видеография секілді хобби тауып, әдемі видео, фото жасауыңа болады.
- Бұрын бармаған мұражай, тарихи орындарға достарыңмен немесе жалғыз саяхаттай аласың.
- Ағылшын клубына жазылып, аптасына бір рет сөйлеу машығыңды дамыта аласың.
- Немесе өзіңнің қалауыңа қарай түрлі пайдалы нәрселер іздеп көр. ҰБТ-дан басқа да өмір бар екенін түсіне бастайсың.

App Store
Google Play