Музыка тыңдағанда адам ағзасында бақыт гормондары бөлініп, жүрек музыканың ритміне сәйкес соға бастайды.
Сондықтан бүгін біз музыканың жанрларына тоқталып, олардың біздің өмірізге қалай әсер ететіні жайында айтатын боламыз.
- Сабақ оқығанда немесе зейін қоюды талап ететін істерді атқарғанда, классикалық музыканы тыңдаған дұрыс. Ал егер классикалық әуенді ұнатпасаң, онда электрондық немесе софт/лофи жанрындағы әндерді тыңдауға болады.
- Шығармашылықпен айналысатын адамдарға табиғат құбылыстары (жаңбырдың тамшылары, теңіздің толқыны) сияқты эстетикалық және медитациялық сарындағы мелодия тыңдауға кеңес береміз. Ол адамның жай-күйін тыныштандырып, шабытын ашуға көмектеседі.
- Ғалымдар музыканың физикалық денсаулықты жақсартуға да әсері бар екенін дәлелдеді. Зерттеулер нәтижесінде, спортпен айналысу барысында музыка тыңдау - адамның жүрек қағысын жиілетіп, музыканың ритміне қарай бейімдеп, денені көбірек энергия жұмсауға итермелейтіні анықталған.

App Store
Google Play