Ұлдарға арналған мамандықтар өте көп. Соның ішінен арнайы 10 шақтысын ғана таныстырамыз.
- Саясаттану. Қазақстанның ішкі және сыртқы аренадағы саясатына араласатын адам. Геосаясат та осыған кіреді. Халықаралық, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарда, жоғары оқу орындарында, елшілікте, дипломатиялық қызметте істей алады.
- Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі - мемлекеттік және коммерциялық салада осы төрт қызметті жүзеге асыратын адам.
- Механика - мехникалық заттар, тұрмыстық техника, автокөлік, авиалайнер секілді техникаға қатысты заттарды жөндеумен айналысатын адам.
- Ақпараттық технологиялар - бағдарламашылар, компьютерлік мамандар, бағдарлама жасау дизайнерлері, IT мамандары.
- Электр техникасы және энергетика - энергетикалық қамтамасыз ету жүйелерін әзірлеу, өндіру, энергия үнемдеу және пайдалану қызметін атқаратын мамандар.
- Автокөлік құралдары - көлікті жөңдеу, пайдалану және жобалаумен айналысатын мамандар.
- Әуе көлігі және технологиялары - ұшқыш, инструкторлық қызмет, тікұшақ ұшқышы, стюардесса, авиадиспетчерлік қызмет атқара алады.
- Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс - жылу және газбен қамтамасыз ету, желдету және сумен жабдықтау, сонымен қатар құрылыс инженериясы саласындағы мамандар.
- Туризм - түрлі елдерде демалушы туристердің демалуына жағдай жасап, елдің көрікті жерлерін әлемдік деңгейге танылуын қамтамасыз ететін маман.
- Жалпы медицина - денсаулығында ақауы бар адамдарды тексеріп, емдеумен айналысатын мамандар. Хирург, стоматолог, офтальмолог, травматолог, т.б. мамандықтар толып жатыр. Ұлдар жалпы медицинаның ішінен «Акушер», «гинеколог» сияқты мамандықтардан аулақ болғаны абзал. Олар қыздарға арналған.
- Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау – білім беру ұяларында мұғалім.
Мамандықтардың көбі ұлға немесе қызға арналған деп бөлінбейді. Бұл 11 мамандықты қыздар да таңдай алады. Ал ұлдар осы мамандықтарды таңдаса қателеспейді.
App Store
Google Play