Joo қосымшасын жүктеп ал

Ең КӨП грант мына мамандыққа бөлінді

Ең КӨП грант мына мамандыққа бөлінді

Информатика-математика пәндерінің мамандықтарына бакалавриатқа биыл жалпы 8381 грант бөлінді. Ал барлық мамандықтардың ішінде ең көп грант “Ақпараттық технологияларға” бөлінді. 4831 грант🤩

Сонымен қатар, осы жылы жаңа мамандық “Криптология” қосылды. Оған әзірше 32 грант қарастырылуда. Бұл - ақпараттарды шифрлау, түрлендіру арқылы рұқсатсыз енуден қорғайтын мамандар. Былайша айтқанда, ақпараттың құпиялылығын, тұтастығын, шынайылығын қамтамасыз етеді.

✅️Енді, информатика-математика пәндері бойынша 4 мамандық бар:

В011 Информатика мұғалімдерін даярлау - 750

В057 Ақпараттық технологиялар - 4831

В058 Ақпараттық қауіпсіздік - 2768

В158 Криптология - 32

Гранттар мамандықтың сұранысына қарай бөлінетіндігін еске саламыз. Яғни, университетте оқуды бітіргеннен кейін бұл мамандар мемлекетке қаншалықты керек. Мысалы, елімізде инженерлік, өңдеу салаларының мамандары жетіспейтіндіктен, грант осы сала мамандықтарына көбірек бөлінді.

📌Алдыңғы постта:

Биология-Химия гранттары

Физика-Математика гранттары

Рубриканы жалғасы шығу үшін өз бейіндік пәндеріңді жаза кет👇🏻

Joo қосымшасын жүктеп ал

Мамандықтар, университеттер, гранттар, ҰБТ-ға дайындық — бәрі бір қосымшада.

Жүктеу үшін телефон камерасын бағыттаңыз