Joo қосымшасын жүктеп ал

Сенің мамандығыңа ГРАНТҚА шекті балл қандай?

Сенің мамандығыңа ГРАНТҚА шекті балл қандай?

👤Биыл математика мұғаліміне грантқа түсу үшін неше балл жинау керек?

👤Стоматологияның грантқа биылғы шекті балы қандай?

👤Ауыл квотасымен 117 балмен биология мұғаліміне грантқа түсе аламын ба?

Бізге қойылатын ең жиі сұрақтардың бірі грантқа түсу үшін қанша балл жинау керектігі туралы. Бұл тақырыптың аясында осыған дейін де талай пост шығарған болатынбыз. Осы жолы 2022 мен 2023 жылғы түлектердің мысалында түсіндіріп көрейік:

2022 жылғы түлектер информатика пәнінің мұғаліміне грантқа ең кемі 92 балмен түседі. Ал ауылдық квотасы барлар 83 балмен. Дәл сол мамандыққа келесі 2023 жылғы түлектер ең кемі 78 балмен, ауыл квотасы барлар 75 балмен грантқа ілігеді.

Бұдан не түсінуге болады?🤔

Яғни, 2022 жылға қарағанда, 2023 жылғы түлектер грантқа едәуір азырақ балмен түскен. Айырмасы - 14 балл.

Биыл да солай болуы ғажап емес. Талапкерлердің дайындық деңгейіне байланысты. Егер бәрі ҰБТ-да жоғары балл алып кететін болса, сәйкесінше, грантқа түсу балы да жоғарырақ болады. Немесе керісінше, бәрі төменірек балл жинайтын болса, грантқа түсу балы да төменірек болады. Бұл жерде ҰБТ-ны қалай тапсырып шығатындарыңа байланысты.

🤩Алайда, алдыңғы жылдың балдарына қарап, осы жылға болжам жасауға болады.

📌Сол үшін де мамандықтардың шекті балдарын жылдарымен бірге білгенің жөн. Ол үшін:

1. «Мамандықтар» бөліміне өт

2. «Барлық мамандықтар» батырмасын бас

3. Осы бөлімде барлық 109 мамандықтар тізімі берілген. Өзің қалаған мамандықты таңдап, ішіне кірсең, шекті балдар туралы ақпаратқа тап боласың.

*ауыл квотасының балы көрсетілмеген мамандықтарда ауыл квотасы жоқ деген сөз.

Ал сенің мамандығыңа шекті балл қандай болған екен?👇🏻

Joo қосымшасын жүктеп ал

Мамандықтар, университеттер, гранттар, ҰБТ-ға дайындық — бәрі бір қосымшада.

Жүктеу үшін телефон камерасын бағыттаңыз