Ауыл квотасынан басқа қандай жеңілдіктер бар?
Грант конкурсында басқа қандай квоталар бар екенін жаздық(алдыңғы жылдың көрсеткіштері):
✅️Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар үшін - 1%
✅️Басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша ұлы отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер үшін - 0,5%
✅️Қазақстан республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін(қандастар) - 4%
✅️Жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы қазақстан республикасының азаматтары үшін - 1%
✅️Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін - 5%
✅️Кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін - 1%
✅️Бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін - 1%🤔Бұл жеңілдіктер қалай жұмыс істейді?
Грант конкурсы кезінде мамандық бойынша бөлінген жалпы гранттың бірнеше пайызы квоталарға бөлінеді(әр квотаның пайызы жоғарыда көрсетілген).
Мысалы, математика пәнінің мұғалімі мамандығына 1000 грант бөлінді десек, көпбалалы отбасылардағы балалар үшін ол гранттың 5%-ы бөлінеді. Яғни, 50 грант көпбалалы отбасыдағы балалр үшін.
Бірінші жалпы гранттар ойнатылады, оған түспей қалсаң барып, квотамен қарастырыласың.
Грант конкурсында бұл жеңілдікті дәлелдейтін құжаттар тапсыруың керек болады. Оған керек анықтамаларды құзыретті органдардан аласың🙌🏻




App Store
Google Play