Көптен күтіп жүрген ақпарат ресми нақтыланды.
📌Мерзімі:
🗓Грант конкурсына құжаттар қабылдау 13-20 шілде аралығында өтеді.
🗓Ал Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының талапкерлері үшін 13-24 шілде аралығында жүзеге асырылады.
🖇Қандай құжаттар қажет?
- жеке куәлік;
- ҰБТ сертификаты;
- 3х4 көлеміндегі фото;
- орта білім туралы аттестат (колледж түлектері үшін диплом);
- квота бойынша конкурсқа қатысатындар үшін растайтын құжаттар(ауыл квотасына қажет емес);
- B167 Ұшу аппараттарын және қозғалтқыштарды ұшырып пайдалану үшін дәрігерлік ұшу-сараптамалық комиссиясының медициналық куәландыруы керек.
🗂Құжаттарды университеттердің қабылдау комиссияларына барып офлайн және EGOV порталы арқылы онлайн тапсыруға болады.
EGOV арқылы онлайн тапсыратындар үшін ЭЦҚ кілт керек болады. Оны жергілікті ХҚКО(ЦОН)-дан немесе egov-тың өзінде онлайн аштыра аласың.
Ал сен екі ҰБТ-ны да тапсырып қойдың ба?👇🏻




App Store
Google Play