Joo қосымшасын жүктеп ал

ТОП-5 сұраққа жауап

ТОП-5 сұраққа жауап

1️⃣Заңгер мамандығын оқытатын ең жақсы ТОП-4 университет қандай?

Университеттер рейтингін біздің қосымшадан көруіңе болады. Ол үшін қосымшаның “Мамандықтар” бөліміне кіріп, өзіңе керек мамандықты таңда. Сол мамандық туралы толық ақпарат және оқытатын университеттер тізімі шығады. Ол университеттер рейтинг бойынша орналасқан.

2️⃣Мұнай-газ мамандығына қанша грант бөлінді?

”Мұнай-газ ісі” мамандығына биыл грант бөлінбеді. Басқа мамандықтарға қанша грант бөлінгенін біздің қосымшадан көруіңе болады. Ол үшін МЫНА сілтемеге өт.

3️⃣Биотехнология мамандығына грантқа шекті балл қандай?

Бізге өте жиі қойылатын сұрақтардың бірі - грантқа шекті балл туралы. Өкінішке орай, биыл грантқа кімдер, неше балмен түсетіні белгісіз. Бұл талапкерлердің ҰБТны қалай тапсырып шығуына байланысты.

Алайда, бізге биылғы грант және талапкер саны белгілі. Осылайша, 1 грантқа неше адам таласатынын болжай аламыз. Ол туралы МЫНА посттан оқы.

4️⃣Грант ҰБТ-ға тіркелдім. Бірақ информатика-математика таңдап қойдым. Енді қалай шығармашылққа ауыссам болады?

Екі жолы бар:

  1. Бейіндік пәндеріңді тест тапсыратын уақытқа дейін app.testcenter сайтында, жеке кабинетіңде өзгертуіңе болады, немесе
  1. Информатика-математика пәндерін тапсыра берсең болады. Аз балл жинап қалған жағдайда, екі пәннің балымен грант конкурсы кезінде шығармашылыққа ауыссаң болады.

5️⃣4 мамандықты бірдей етіп таңдауға бола ма?

Грант конкурсы кезінде 4 мамандықты бірдей етіп таңдауға БОЛМАЙДЫ. Университетті бірдей етіп таңдауға болады. Алайда университеттердің де мамандықтарға өз шекті балы барын ұмытпаған жөн. 4 таңдау туралы толығырақ МЫНА посттан оқи аласың.

Сұрағыңа жауап ала алдың ба? Егер тағы туындаса, төменге жаза кет👇🏻

Joo қосымшасын жүктеп ал

Мамандықтар, университеттер, гранттар, ҰБТ-ға дайындық — бәрі бір қосымшада.

Жүктеу үшін телефон камерасын бағыттаңыз