Жоғарғы оқу орнында ақылы бөлімге түсу үшін немесе грант конкурсына қатысу үшін әр пәннен шекті балдар бар:
📍Бейіндік пәндер ең кемі - 5 балл
📍Қазақстан тарихы - 5 балл
📍Оқу сауаттылығы - 3 балл
📍Математикалық сауаттылық - 3 балл
📌Ал барлығы 140 баллдан 50 балл болуы керек.
🤔5 пәннің әрқайсынан 5 балдан болса барлығы 25 балл ғой, ол қалай?
Әр пәннің шекті баллын қоссақ жалпы шекті балл шығу керек деген шарт жоқ. Жалпы шекті балл 50, ал әр пәннің шекті баллы 5 пен 3.
Мысалы:1. Барлығы 93 балл жинадың, бірақ бір бейіндік пәннен/тарихтан 4 балл болып қалды делік. Сертификат жарамсыз болады. Оқуға түсе алмайсың❌️
2. Әр пәннен шекті балынан асады, бірақ барлығы 49 балл. Тағы да оқуға түсе алмайсың❌️
3. Әр пәннен шекті балынан асады, барлығы 50-ден жоғары. Сертификат жарамды. Ақылы бөлімге де түсе аласың және грант конкурсына да қатыса аласың✅️
Сонымен қатар, ЖОО-лардың және мамандық салалары бойынша шекті балдарды да ұмытпаған жөн. Бұл туралы кейінірек тағы да айта өтеміз🙌🏻💙




App Store
Google Play