Joo қосымшасын жүктеп ал

Грант конкурсында бір мамандықты бірнеше рет таңдауға бола ма

Грант конкурсында бір мамандықты бірнеше рет таңдауға бола ма

Көп талапкерді мазалайтын сұрақтардың бірі - “Грант конкурсында бір мамандықты бірнеше рет таңдауға бола ма?”🤔✅️Жауап: Болмайды. Жалпы конкурс кезінде бір мамандықты бірнеше рет таңдауға болмайды. Мысалы, былай👇🏻

1. “Математика мұғалімдерін даярлау” - ЕНУ

2. “Математика мұғалімдерін даярлау” - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

3. “Математика мұғалімдерін даярлау” - Абай атындағы ҚазҰПУ

4. “Математика мұғалімдерін даярлау” - Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті.

✅️Алайда, КВОТАМЕН белгілесең, бір мамандықты бірнеше рет таңдауға БОЛАДЫ. Бұл кезде сол квота бойынша сен таңдаған мамандыққа грант бөлінген болуы тиіс. Мысалы, 4 таңдау былай жасалуы мүмкін👇🏻

1. “Математика мұғалімдерін даярлау” - ЕНУ

2. “Математика мұғалімдерін даярлау” - А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті - “СЕРПІН” бағдарламасы

3. “Физика мұғалімдерін даярлау” - Абай атындағы ҚазҰПУ

4. “Математика және статистика” - С. Торайғыров университеті

Бұл мысалда бір мамандықты екі рет таңдаған. Біреуі жалпы конкурс(мемлекеттік грант) арқылы, екіншісі “Серпін” бағдарламасы бойынша. Бұндағы айырмашылық - мемлекеттік грантты еліміздің кез келген жерінде өтеуге болатын болса, “Серпін” бағдарламасымен оқыған түлек тек сол аймақта ғана өтеуі қажет🙌🏻

Joo қосымшасын жүктеп ал

Мамандықтар, университеттер, гранттар, ҰБТ-ға дайындық — бәрі бір қосымшада.

Жүктеу үшін телефон камерасын бағыттаңыз