Егер сен университетте оқып жатсаң, бірақ қайта оқуға түскің келсе, биылғы негізгі ҰБТ-ға қатысып, қайта 1-курсқа түсе аласың. Грант конкурсына да қатыса аласың.
🙌🏻Ескерте кететін жайт, ҰБТ тапсырып, тек қайтадан 1-курсқа түсуге болады.
✅️ҰБТ-ға қатысу кезінде университеттен шығудың қажеті жоқ.
🚫Алайда тиісті балды жинап, грант конкурсына қатысатын кезде еш университетте оқымайтын болуың керек.
📌ҰБТ-ға тіркелу app.testcenter.kz сайтында жүреді. “Өткен жылғы түлектер” деп тіркелесің. Өткен жылғы түлектер үшін таңдауға 6 күн беріледі: 25, 28, 31 мамыр мен 4, 7, 11 маусым. Екі мүмкіндікті де осы күннен таңдайсың.
📢ЖОО-да грантта оқимын. ҰБТ тапсырып, оқудан шығып тағы грант конкурсына қатысатын болсам, грант шығынын қайтарамын ба?
Иә, екі жағдайда:
- Оқу үлгеріміңе байланысты шыққан жағдайда;
- Өз қалауыңмен шыққан жағдайда.
Грант шығыны сенің ЖОО-да оқыған уақытыңмен бірдей есептеледі. Ол туралы толығырақ университеттің қаржы бөлімінен біле аласың🙌🏻




App Store
Google Play