Joo қосымшасын жүктеп ал

Наурыз ҰБТ балымен оқуға түсуге бола ма?

Наурыз ҰБТ балымен оқуға түсуге бола ма?

Бізге жиі қойылатын сұрақтардың бірі - “Наурыз ҰБТ балымен ақылы оқуға түсуге бола ма?

✅️Жауап: Иә, шекті балды жинаған жағдайда БАРЛЫҚ ҰБТ-лардың сертификаттарымен ақылы оқуға түсуге болады.

Ал грант конкурсына қатысу үшін маусым-шілде айларындағы 2 негізгі ҰБТ-ның сертификаттары ғана жарамды. Яғни, екі ҰБТ-ның сертификаттарының өзің қалағанын таңдап, грант конкурсына қатыса аласың.

❓️Тағы бір сұрақ: Екі грант ҰБТ-сында екі түрлі бейіндік пәндерді таңдауға бола ма?✅️Жауап: Жоқ. Екі грант ҰБТ-сында міндетті түрде бірдей бейіндік пәндер болуы қажет. Басқа ҰБТ-ларда бейіндік пәндерді ауыстыруға болады. Мысалы, Ажар қаңтар ҰБТ-сында физмат, наурыз ҰБТ-сында геомат, екі грант ҰБТ-сында биохим, тамыз ҰБТ-сында шығармашылық тапсыра алады.

Ал сен наурыз ҰБТ-сына қалай дайындалып жатырсың? Апталық пробныйлардан қанша балл жинап жүрсің?👇🏻🤓

Joo қосымшасын жүктеп ал

Мамандықтар, университеттер, гранттар, ҰБТ-ға дайындық — бәрі бір қосымшада.

Жүктеу үшін телефон камерасын бағыттаңыз