Joo қосымшасын жүктеп ал

Неге кейбір мамандықтарға ГРАНТ көп, ал кейбіріне аз бөлінеді?

Неге кейбір мамандықтарға ГРАНТ көп, ал кейбіріне аз бөлінеді?

Көбісін қызықтыратын сұрақтардың бірі - «Неге физика мен математика таңдағандар 50 балл жинаса да грантқа түседі, ал біз ағылшын мен дүниежүзі тарихын таңдап, 100 балл алсақ та, грантқа түсе алмаймыз?»

Ендеше, неліктен кейбір мамандықтарға грант көп, ал кейбіріне аз бөлінетіні жайлы түсіндірейік.✅️Грант саны мамандықтың нарықтағы сұранысына байланысты бөлінеді. Нарықтағы сұранысты оңай тілмен түсіндірсек, сен 4 жылдан кейін осы мамандықты бітірген соң, бұл мамандар мемлекетке қаншалықты керек екендігі. Яғни, елде ауыл шарушылығы саласының мамандары жетіспесе, ал стоматологтар жетіп артылса, онда әрине ауыл шаруашылығы мамандықтарына грант көп, ал стоматологияға аз грант бөлінеді.

Нақтырақ айтсақ, стоматология мамандығына өткен жылы 21 грант бөлінген, шекті балл - 130. Бұл мамандыққа ең ақылды оқушыларға түссін деген көзқараспен осылай бөлді деп ойласаң, ҚАТЕЛЕСЕСІҢ. Аз грант = мамандыққа сұраныс аз=бәсекелестік көп=шекті балл жоғары.Электр техникасы және энергетика мамандарына сұраныс жоғары болғандықтан өткен жылы 2092 грант бөлінген, шекті балл - 58. Сәйкесінше, мамандыққа сұраныс жоғары=грант көп=бәсекелестік төмен=шекті балл төмен.

📌Демек, мамандық таңдау кезінде сұранысына да мән берген дұрыс.

Ал өз мамандығыңа сұраныс қандай екенін "Мамандықтар" бөлімінен көрсең болады.

Түсінікті болса төменге ✅️ қалдыра кет👇🏻

Joo қосымшасын жүктеп ал

Мамандықтар, университеттер, гранттар, ҰБТ-ға дайындық — бәрі бір қосымшада.

Жүктеу үшін телефон камерасын бағыттаңыз