Joo қосымшасын жүктеп ал

Грантқа түсуге қандай КВОТАЛАР бар?

Грантқа түсуге қандай КВОТАЛАР бар?

- Ауыл квотасынан басқа қандай жеңілдіктер бар?

Осындай сұрақтар бізге жиі түсіп отырады. Сол үшін грант конкурсында басқа қандай квоталар бар екенін жаздық:

  • Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін;
  • I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін;
  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін;
  • ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтарға(қандастар);
  • Кәмелетке(18 жас) толмаған 4 және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы түсушілер үшін;
  • Кемінде 3 жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін;
  • Бала кезінен мүгедек балаларды, І, ІІ топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін жеңілдіктер қарастырылған.

Бұл жеңілдіктер бойынша оқуға түсетін болсаң, дәлелдейтін құжаттар тапсыруың керек болады. Оған керек анықтамаларды құзыретті органдардан аласың.

⚠️Квоталар бойынша биылғы грант мөлшері туралы ресми ақпарат әлі шықпады. Алдыңғы жылғы мөлшері туралы МЫНА сілтемеден көруіңе болады.

Joo қосымшасын жүктеп ал

Мамандықтар, университеттер, гранттар, ҰБТ-ға дайындық — бәрі бір қосымшада.

Жүктеу үшін телефон камерасын бағыттаңыз