Joo қосымшасын жүктеп ал

Грантты емес, мамандықты таңда

Грантты емес, мамандықты таңда

Құрметті талапкер! 

Иә, қазіргі уақытта гранттың маңыздылығы басқаша түсінік қалыптастырып жүр. Грант - оқимын, білім аламын, қоғамға қызмет етемін деген талапкер үшін мемлекет тарапынан берілетін мүмкіндік. Ал, енді ойланып көрші? Сен қаламаған мамандығыңа түстің, төрт жыл оқып, бірақ болашақта бұл мамандықпен сені байланыстыратын ештеңе жоқ болса не істемексің?!

Ата - анама салмақ салмай, оқуыма өзім түсуім керек, өзім оқуым керек… Иә, оқуға құштарлығы бар кез - келген адам болашағын уайымдайды. Бірақ, сол уайымның ішінде ата - анама салмақ салмай, қаламаған мамандығым болса да, оқи беремін дейтін талапкерлер бар.

Басты мақсат мемлекеттік грантты ұту болса, кез - келген талапкер оған жете алады. Бірақ, болашағына шын уайымдап, өзінің жүрегін тыңдап, қаламаған мамандығында оқығысы келмей, грантты емес, мамандықты таңдаған талапкерлер де бар. Бәлкім олар ақылы бөлімде оқып жатқан шығар. Бірақ, оларда нық сенім бар. Болашақта сол саланы дамытуға деген талпыныс бар. Көптеген студенттер шәкіртақы үшін, ата - анам айтты деп қаламаған оқуына түседі. Бірақ, дәл сол қаламаған мамандық кейбіреудің асқақ арманы болуы мүмкін. Сол саланы дамытамын, өсемін деген адам болуы ғажап емес.

Сол себептен, әрбір адам өз қалауын жасау қажет. Не қалайтыныңды білмесең, өзіңді асықтырып қажет емес. Одан да күт, әртүрлі салада өзіңді сынап көр. Бірақ, кім не дейді екен, әйтеуір оқысам болды екен деп, өз болашағыңа бейжай қарағаның дұрыс емес.

Грантты емес, мамандықты таңда😉

Joo қосымшасын жүктеп ал

Мамандықтар, университеттер, гранттар, ҰБТ-ға дайындық — бәрі бір қосымшада.

Жүктеу үшін телефон камерасын бағыттаңыз