Joo қосымшасын жүктеп ал

Грантқа түскен мамандығымды ауыстыра аламын ба?

Грантқа түскен мамандығымды ауыстыра аламын ба?

Иә, “Мемлекеттік гранттың” сен үшін маңызы зор. Алайда, дәл сен қаламаған, бірақ таңдаған салаңның айналасындағы мамандықтан грант ұтып алып, мамандығымды ауыстыра аламын ба деген сұрақпен бас қатырып жүрген боларсың?…

Ендеше, бұл сұрақтың жауабын JOO-мен  бірге талқылайық.

Әрине, мамандық ауыстыруға мүмкіндігің бар. Дегенмен, ескере кететін ньюанстарын да ұмытпағаның жөн.

Біріншіден, грант оқушыға емес, мамандыққа бөлінетінін ұмытпағайсың. Яғни, мемлекеттік  грантты өзіңмен басқа мамандыққа алып кете аламын деп ойлап қалма😌

Екіншіден, егер де мамандығыңды басқа мамандыққа ауыстырғың келсе, мемлекеттік гранттан бас тартып, таңдаған басқа мамандыққа ақылы бөлімге ауыса аласың.

Үшіншіден, сен ауысып жатқан мамандық бойынша оқытылатын пән айырмашылықтарын да ескеруің қажет. Мысалы, сен оқып жатқан мамандықта үш пән, ауысқалы жатқан мамандықта төрт пән оқытылатын болса, жазғы семестрде оқымаған пәндерді оқып, емтихандарын жабуға тура келуі мүмкін. Бұл да ескеретін жайт!

Төртіншіден, сен бас тартып жатқан мемлекеттік грантқа  сол мамандықта ақылы бөлімде оқып жатқан үздік студенттер өз кандидатурасын ұсына алатынын ескер!

Пайдалы ақпарат болса, коментарийде өз пікіріңмен бөліс⤵️

Joo қосымшасын жүктеп ал

Мамандықтар, университеттер, гранттар, ҰБТ-ға дайындық — бәрі бір қосымшада.

Жүктеу үшін телефон камерасын бағыттаңыз