ҰБТ тапсырып болған соң, сен қандай маман иесі болғың келетінін шешіп, тиісті университет пен мамандықты таңдауың керек.
Ең бірінші өзің қалаған мамандық пен университетті таңда.
Содан кейін "альтернативный" варианттарды таңда: КазНУға түспеген жағдайда тағы басқа университетке деген сынды. Ең соңғы 3інші және 4інші таңдауға грантқа түсу ықтималдылығың жоғары, өзің де сенімді болып тұрған мамандықтарды таңдасаң болады.
Жалпы университетті таңдағанда мына нәрселерге мән бергенің жөн:
✔️Оқыту формасы. Күндізгі, сырттай немесе қашықтықтан оқытуды таңдау сенің жеке жағдайларың мен мүмкіндіктеріңе байланысты.
✔️Оқу орны. Өз аймағыңда оқығың келе ме, әлде басқа қалаға көшкің келе ме, соны шеш.
✔️Қаржылық мүмкіндіктер. ЖОО - да оқу ақылы түрде болмаса да, атап айтатын шығындары болады.
Сол себепті гранттар, стипендиялар және қаржылай баланста болатын мүмкіндіктерге мән бер.
Ал сен өз таңдауыңды жасадың ба? Әлі де таңдау жасамасаң не кедергі болуда?




App Store
Google Play