Бірі біліп, бірі білмейтін нәрсе - университеттің өзіндік шекті балы. Грант конкурсында белгілі бір университетке тапсырғың келсе, сол университеттің сен таңдаған мамандық бойынша шекті балынан асыруың қажет. Түсініктірек болу үшін мысал келтірейік:
✅️Мысалы, егер сен “Математика мұғалімдерін даярлау” мамандығына ЕНУ-ға түскің келсе, балың 90-нан кем болмауы тиіс, немесе “Құқық” мамандығына М.С. Нәрікбаев атындағы КазГЮУ университетіне тапсырғың келсе, 120-дан кем жинамауың керек.
📌Осы сияқты әр мамандық бойынша, әр университеттің шекті балын ОСЫ СІЛТЕМЕ бойынша қарай аласың.
⚠️Ескерте кететін нәрсе, бұл 2023 жылғы көрсеткіштер болып табылады. Биыл кейбір өзгерістер болатын болса, бірінші болып хабарлаймыз.
Ал сен бұл туралы білетін бе едің?🤓




App Store
Google Play