Өткен 2022-2023 жылғы грантқа шекті балдарды салыстыра отырып, бірнеше мамандықтардың шекті балы едәуір көтерілгенін байқадық. Бұл дегеніміз - сол мамандықтарға түскісі келгендердің саны көбейіп, бәсекелестік те жоғарылады деген сөз.
📍"Физика + Математика":📎"Физика" - 58 балдан 69 балға көтерілген;
📎"Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар" - 58 балдан 68 балға көтерілген;
📎"Электр техникасы және автоматтандыру" - 55 балдан 61 балға көтерілген;
📎"Теңіз көлігі және технологиялары" - 51 балдан 72 балға көтерілген;
📎"Әуе көлігі және технологиялары" - 55 балдан 74 балға көтерілген;
📍"Биология + Химия":📎"Химия мұғалімдерін даярлау" - 97 балдан 107 балға көтерілген; ”Химия” - 61 балдан 68 балға көтерілген;
📍"Биология + География":📎"Педагогика және психология" - 89 балдан 98 балға көтерілген;
📎"Арнайы педагогика мамандарын даярлау" - 80 балдан 90 балға көтерілген;
📎"Психология" - 90 балдан 97 балға көтерілген;
📎"Орман шаруашылығы" - 50 балдан 69 балға көтерілген;
📍"Орыс тілі + орыс әдебиеті":📎"Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау" - 93 балдан 100 балға көтерілген;
Ескере кететін жайт, бұл шекті балдар өткен жылдардың көрсеткіштері болып табылады. Биылғы шекті балл көрсеткіштері барлығы ҰБТ тапсырып болып, грант конкурсы аяқталғаннан кейін белгілі болады. Себебі, шекті балл дегеніміз - грантқа соңғы болып іліккен талапкердің балы.
Ал сенің мамандығыңа грантқа шекті балл қандай?🤓




App Store
Google Play