Кеше шекті балы жоғарылаған мамандықтар туралы пост шыққан болатын. Өткен жылдардың көрсеткіштерін салыстыра отырып, осы жолы грантқа шекті балы айтарлықтай ТӨМЕНДЕГЕН мамандықтардың тізімін жасадық:
📍Физика + Математика:📎“Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану” - 100 балдан 90 балға төмендеген;
📍Информатика + Математика:📎“Информатика мұғалімдерін даярлау” - 92 балдан 78 балға төмендеген;
📎“Ақпараттық технологиялар” - 104 балдан 96 балға төмендеген;
📎“Ақпараттық қауіпсіздік” - 69 балдан 62 балға төмендеген;
📍Биология + Химия:📎“Фармация” - 121 балдан 108 балға төмендеген;
📎“Жалпы медицина” - 114 балдан 108 балға төмендеген;
📎“Стоматология” - 137 балдан 130 балға төмендеген;
Ал мамандықтарға былтырғы бөлінген гранттар санын “Мамандықтар” бөлімінен көре аласың
Сен қандай мамандыққа түскің келеді, мақсат ретінде жазып кет⬇️




App Store
Google Play