Барлық колледж түлектері университетке түсу үшін ҰБТ тапсырады. КТА деген ЖОҚ!
Университетті басқа мамандықта оқығысы келетін колледж түлектері оқуға түсу үшін кәдімгі ҰБТ тапсырады. Яғни, 5 пәннен:
📍Сұрақ саны – 120;
📍Берілетін уақыт – 4 сағат (240 минут);
📍Ең жоғары балл – 140.
✅️МАМЫР-МАУСЫМ(негізгі ҰБТ)
Негізгі ҰБТ 2 рет өткізіледі. Екеуінің де сертификаты грант конкурсына қатысуға жарамды.
✅️ТАМЫЗ
Шекті балды жинаған жағдайда ақылы бөлімге түсуге болады. Сертификаты грант конкурсына жарамсыз.
📲Тіркелу қалай жүреді?
Тіркелу app.testcenter.kz сайтында жүреді. «Өткен жылғы мектеп және колледж түлектері» деп тіркелесің. Тестілеу құны - 5640 тг.
⏰️Негізгі ҰБТның 1-ші мүмкіндігіне тіркелу жүріп жатыр,10-на дейін жалғасады. 2-ші мүмкіндікке тіркелу 11-14мамыр аралығында жүреді.
🗓Колледж түлектері осы күндерге ғана тіркеле алады: 25, 28, 31 мамыр және 4, 7, 11 маусым.
Колледж түлегі болсаң, + қалдыр да, сақтап ал👇🏻




App Store
Google Play