Дайындалғың келмеген сәттерде осы чек-листті оқы
- Оқитын орныңды таза, фантазияңмен әсемдеп, жинақы ұста.
- Мақсатыңа жасаған әр қадамың үшін өзіңді мақта.
- Ешқашан өзіңді мәжбүрлеп оқыма. Өзіңе ұнайтын уақытта оқы.
- Сабақ оқу барысында өзіңе ұнайтын қалам мен блокнотты қолдан.
- Мотивациялық, пайдалы посттарды жиірек оқы.
- Кейде дым оқығың келмесе, бәрін тастап жақсылап демалып ал.
- Әрқашан кішкентай қадамдардан баста.
- «140 балл алу» деп орындалмайтын мақсатты ойлама. Ең дұрысы «өзіме ұнайтын мамандыққа, арманымдағы қалаға грантқа түсейін» деген мақсатқа жетуді ойла.
- Өзіңе ұнайтын әдістермен оқы
- Мұрның қанағанша ұзақ оқып, өзіңді шаршатып алма
- Таңертең ерте сағат 4:00-де оқып көр. Керемет әсер аласың.
- «Қазір оқып отырған білімдерім, болашақта алдымнан шығады деген ниетпен дайындығымды бастаймын» деп, дайындықты бастар алдында ниетіңді түзеп ал.

App Store
Google Play